Горячие новости

«АСТАНА МОТОРС» БРЕНДТЕРІНІҢ АВТОКОМПОНЕНТТЕРІН ЖЕРГІЛІКТЕНДІРУ

30 мая 2023

«АСТАНА МОТОРС» БРЕНДТЕРІНІҢ АВТОКОМПОНЕНТТЕРІН ЖЕРГІЛІКТЕНДІРУ

«АСТАНА МОТОРС» ҚАЗАҚСТАНДА КОРЕЙ БРЕНДТЕРІНІҢ АВТОКОМПОНЕНТТЕРІН ЖЕРГІЛІКТЕНДІРУ ҚҰҚЫҒЫНА ИЕ БОЛДЫ

Қазақстандық компания Алматыда Hyundai автокөліктеріне арналған автокомпоненттер шығаратын болады. Кәсіпорындарды іске қосу 2024 жылдың басына жоспарланған.

Бүгін Қазақстан Республикасы үкіметтік делегациясының Корея Республикасына ресми сапары аясында «Астана Моторс» компаниясы Youngsan Glonet Corp. Ltd. компаниясымен Youngsan технологиясы бойынша Қазақстанда автокөлік орындықтарын өндіру құқығын беру туралы шартқа қол қойды.

Шартқа қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, Youngsan Glonet Corp. Ltd. төрағасы Парк Йонг Бум мырза, Қазақстандық автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева, «Астана Моторс» құрамына кіретін автокомпоненттер өндірісі кешенінің директоры Асқар Ибрашев және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

Сондай-ақ, қазақстандық делегацияның Сеулге сапары аясында 2023 жылғы 14 сәуірде «Астана Моторс» компаниясына Қазақстан аумағында Motrex технологиясы бойынша мультимедиялық құрылғылар шығаруға құқық беретін Motrex Co Ltd. компаниясымен шартқа қол қою рәсімі өтеді.

«Астана Моторс» Қазақстанда Hyundai Trans Kazakhstan жеңіл автомобильдер өндірісін сәтті ұйымдастырып, индустрияландыруға бағыт алды. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Индустрия және Инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауының арқасында бүгінде ел жергіліктендіру бөлігінде белсенді түрде ілгерілеуде. Біз өз тарапымыздан Алматының Индустриялық аймағында ШОБ, автоөнеркәсіпті дамытуға және машина жасау саласында білікті кадрлар жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін технопарк құрамыз. Автокомпоненттер өндірісін игере отырып, біз жергіліктендіруді тереңдетеміз және кластерлік экономиканы дамытамыз. Сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамыз және жаңа серіктестеріміз – Youngsan Glonet Corp. Ltd. және Motrex Co Ltd.-мен ынтымақтастықтың басталуына қуаныштымыз»,– деп атап өтті «Астана Моторс» CEO Бекнұр Несіпбаев

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта «Астана Моторс» шет елдерде автокомпоненттер өндіру тәжірибесі бар шетелдік серіктестерімен бірлесіп Алматының Индустриялық аймағында 10 гектардан астам алаңда Hyundai автокөліктеріне арналған орындықтарды, полиуретанды кілемшелерді, қанатастыларын, шашыратқыштарды және мультимедиялық жүйелерді өндіретін зауыттар кешенінің құрылысын жобалау үстінде. Жаңа кәсіпорындар кешені жұмыс істеп тұрған Hyundai Trans Kazakhstan зауытының жанында орналасады.

Жалпы алғанда, автокомпоненттердің өндірістік кешенінің құрылысына салынған инвестициялар шамамен 6,8 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде мультимедиа өндірісін ұйымдастыруға шамамен 0,9 млрд теңге, автомобиль орындықтарын шығаратын зауытқа 4,3 млрд теңгеге дейін және кілемшелер, қанатастылар, шашыратқыштар шығаратын кәсіпорынға шамамен 1,6 млрд теңге. Өндірістік үй-жайлардың ауданы – 7,7 мың шаршы метрден асады. Кәсіпорындарда 90-ға жуық жұмыс орны құрылады.

Автокомпоненттер өндіретін кәсіпорындар кешенін салуды бастау 2023 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған, өндірістерді іске қосу 2024 жылдың бірінші тоқсанына белгіленген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *