Горячие новости

ҚАЗАҚСТАН ҚЫТАЙЛЫҚ АВТОПРОМНЫҢ ҮШ КӨШБАСШЫСЫН

31 мая 2023

ҚАЗАҚСТАН ҚЫТАЙЛЫҚ АВТОПРОМНЫҢ ҮШ КӨШБАСШЫСЫН

ҚАЗАҚСТАН ҚЫТАЙЛЫҚ АВТОПРОМНЫҢ ҮШ КӨШБАСШЫСЫН БІР ЗАУЫТҚА БІРІКТІРДІ

Қазақстандық “Астана Моторс” компаниясы Алматыда салынып жатқан мультибренд зауытта Chery, Haval және Changan автокөліктерін шығаруға рұқсат алды. Өндіріс 2025 жылы басталады. Тараптар техникалық-лицензиялық келісімге президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары кезінде Сиандағы Қытай Халық Республикасының беделді өкілдері бас қосқан дөңгелек үстелге қатысқанда қол қойды.

Келісімге Қазақстаннан “Астана Моторс” компаниясының негізін қалаған Нұрлан Смағұлов, Қытайдан Chery International компаниясының вице-президенті Жу Шаодон, Great Wall Motors вице-президенті Чжан Цзюньсюэ, Changan International Corporation бас директоры Сон Шуан қол қойды. Бұл келісім «Астана Моторс» компаниясына осы маркалы көліктерді шағын түйін әдісі арқылы шығару құқығын береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің іскер топ өкілдерімен кездескенде Қазақстандағы индустрия жобаларының маңызына тоқталды. Оның айтуынша, Қытай — сенімді серіктес.

«Кейінгі жылдары Қазақстанда қытайлық көліктер кеңінен таныла бастады. Олар ең көп сатылатын көліктердің қатарында. Бұл саладағы ынтымағымыз жаңа сапалы деңгейге көтеріліп жатыр. Қазақстанда қытайлық көліктерді шағын түйін арқылы құрастыру қолға алынып жатыр. Бүгін екі елдің компаниялары тиісті құжаттарға қол қояды», — деді Қазақстан президенті дөңгелек үстелдің ашылуында

«Әлемде алғаш рет қытайлық автокөлік өнеркәсібінің үш көшбасшысының көліктері бір зауытта шығарылады. Бұл — дүниежүзінің ешбір жерінде болмаған керемет жайт. Өнеркәсіпті дамытуды мемлекеттің қолдап жатқанын атап өткім келеді. Осы қолдаудың арқасында Қытай Халық Республикасындағы автоөнеркәсіп әлемдік нарықта табысқа жетті. Шағын түйін өндірісін игеруге міндетін өзіне алған өндірушілерді қолдау қажет деп есептейміз. Қытайдың ең ірі автоөндірушілері ретінде біз үлкен түйін өндірісі елді шынайы автоөнеркәсіпке жетелемейтінін түсінеміз. Сондықтан біз «Астана Моторс» компаниясының Қазақстанның автомобиль өнеркәсібін дамыту жолындағы сенімді қадамдарын құптаймыз», — деді Чжан Цзюньсюэ.

Қазақстандық кәсіпкер Нұрлан Смағұлов бұл келісімді “Қазақстандағы тарихи жағдай” деп атады.

«Біздің компаниямыз автокөлік өнеркәсібіне қойылатын талаптар мен эволюцияның өзгеретін уақыты келді деп есептейді. Біз Chery, Changan және Great Wall Motors компанияларымен бірінші болып дәнекерлеу мен бояуды қамтитын 100% шағын түйін өндірісі туралы келіссөз жүргіздік. Болашақта біздің өндірісіміз жылына 90 000 көлік шығарсақ, бұл Қазақстанда кем дегенде оның 50%-інің шанақ панельдерін штамптауға және автомобиль бөлшектерін өндіруге мүмкіндік береді. Мұның барлығы экспортты ұлғайтуға көмектеседі – мультибренд зауытта шығарылатын көліктің 60%-тен астамы ТМД елдеріне жеткізіледі», – деді Нұрлан Смағұлов

Қазақстан келісімге келген автобрендтер Қытайдағы ең ірі ойыншылар болып саналады. China Association of Automobile Manufacturers (CAAM) мәліметінше, 2022 жылдың соңында Қытай нарығының ұзақмерзімді көшбасшысы Changan екінші, Chery алтыншы орын алды, одан кейінгі позицияға Haval жайғасты.

Қытай әлемдік нарыққа шығуды жалғастырып жатыр. 2023 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, Қытай дүниежүзіндегі автокөлік өнеркәсібі мен экспорты бойынша бірінші орынға шығып (1,069 миллион автомобиль), Жапонияны (1,047 миллион автомобиль) басып озды. Қытайлық экспорттаушылардың рейтиңінде Chery екінші орында, Changan төртінші орында, Haval бренді кіретін Great Wall Motor алтыншы орында тұр.

«Астана Моторс» компаниясының жаһандық мақсаты – жаңа автокөліктерге деген сұранысты қанағаттандыру ғана емес, сонымен қатар Алматыдағы индустриал аймақта технопарк салу, шағын және орта кәсіпке арналған компоненттерді шығаратын және оларды Hyundai және келешектегі жаңа мультибренд зауытына жеткізетін кластер құру.

Қазір компания Қазақстаннан орта және шағын кәсіп өкілдерін іздеп жатыр. Оған қоса шетелде де зауыттың әлеуетті серіктестерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 2022 жылғы қыркүйекте «Астана Моторс» компаниясы қытайлық автокөлік концерндерімен жобаны іске асыруға мүмкіндік беретін меморандумға қол қойды. Қарашада мемлекет басшысы Алматыдағы мультибренд зауыт салуды бастауға рұқсат берді.

Қытайдың автоөнеркәсіп көшбасшыларының барлық стандартына сай, аумағы 300 000 шаршы метр болатын зауыт құрылысы жүріп жатыр. Бұл кезеңде 160 техника арқылы құрылыс-монтаждау жасалып жатыр.

Өндіріс алаңы — 150 000 шаршы метр. Жобаның жалпы бағасы — 115 миллиард теңге.

Мультибренд зауытта 2 600 жұмыс орны болады. Ұжымның негізгі тірегі – жетекші автоөндірушілердің тәжірибесін үйреніп, Қазақстандағы технологияларды дамытатын инженерлік-техника сала мамандары.

Алматыдағы мультибренд зауыты құрылысын 2024 жылғы төртінші тоқсанда аяқтау жоспарланып отыр. 2025 жылғы бірінші тоқсанда автокөліктердің тәжірибе өндірісін іске қосу басталады.

ҚАЗАҚСТАН ҚЫТАЙЛЫҚ АВТОПРОМНЫҢ ҮШ КӨШБАСШЫСЫН

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *