Бизнеске қызмет: Алматыда Қазақстанда өндірілген жаңа Hyundai Porter моделі таныстырылды
Mycar Almaty автоорталығында Қазақстанда өндірілген Hyundai Porter аз тонналы жүк көлігінің жаңа үлгісінің ресми тұсаукесері өтті.
Аз тонналы жүк көлігін Алматыда «Астана Моторс» компаниясына қарасты коммерциялық, мамандандырылған және жолаушылар көліктерін шығаруға арналған Hyundai Trans Almaty толық циклді зауыты шығарады.
Модельдің техникалық сипаттамасы
Hyundai Porter моделі – шағын көлемді және 1,5 тоннаға дейін салмақ көтере алытын маневрлі жүк көлігі. Өтімділігі жоғары жүріс көрсеткіштері және пайдалану кезіндегі жайлылық көлікті қала жағдайында ыңғайлы ете түседі. Көлік 2,5 литрлік (130 а.к.) турбокомпрессорлы D4CB дизельді қозғалтқышы, жаңа 6 сатылы механикалық беріліс қорабы, кондиционері мен былғары орындықтары бар ыңғайлы кабинамен жабдықталған. Аталған көрсеткіштер жүк көлігін шағын және орта бизнес үшін де, ірі кәсіпорындар үшін де оңтайлы етеді.
Hyundai Porter бірнеше шанақ үлгісінде қол жетімді. Атап айқанда борттық платформасы бар шанақ үлгісінде, сонымен қатар құрылыс материалдарынан бастап температуралық режимде сақталатын азық-түлікке дейін тасымалдауға арналған өндірістік және изотермиялық фургондар үлгісінде ұсынылған.
Hyundai Trans Almaty өндіруші-зауыты
Hyundai Trans Almaty 2024-2025 жылдар аралығында жүргізілген модернизациядан кейін, жыл басында Hyundai Porter өндірісін қайта бастады. Модернизация нәтижесінде ұсақ түйінді әдіспен екі модель, атап айтқанда Hyundai Porter және Hyundai Mighty EX5 жүк көліктерінің өндірісі іске қосылып, зауыт шығарытын өнімдер қатары кеңейе түсті.
«Астана Моторс» кәсіпорынды модернизациялау мен кеңейтуге 12,8 млрд теңге инвестиция жұмсады. Кәсіпорынның өндірістік алаңдары 3 есеге, яғни 7 мың шаршы метрден 19,4 мың шаршы метрге дейін ұлғайды. Коммерциялық техникаларды өндіруге арналған Қазақстандағы алғашқы катафорез желісі іске қосылып, сағатына 1 шанақ Hyundai Porter кабиналарын дәнекерлеуге арналған жаңа желісі іске қосылды. Сонымен қатар жақтау конструкцияларын өндіретін желі орнатылып, қондырмалар өндірісі де жаңғыртылды. Бұл өзгерістер өндіріс қуаты мен өнім сапасын арттыра түсті.
Хотите получать новости автобизнеса и авторемонта быстро —
подписывайтесь на наш Телеграм-канал: t.me/abiznewsnet