Горячие новости

Қазақстанның автомобиль жарығындағы ең танымал 10 өнім

22 июля 2024

Қазақстанның автомобиль жарығындағы ең танымал 10 өнім

OSRAM компаниясының сарапшылары қазақстандықтар арасында автомобиль жарығындағы ең танымал өнімдердің рейтингін ұсынды

Ел географиясын ескере отырып, автомобиль иелері арасында ауа-райының кез келген шағында көлік жүргізуге мүмкіндік беретін жоғары сапалы шамдар танымал болып шықты:

Аз қуат тұтынатын, бірегей әрі тиімді жарық беретін Ledriving AUX жарықдиодты шамдар автокөлік иелері арасында танымалдығы бойынша 10-орында.

9-орында – Off-Road Галогені – төтенше жағдай кезінде пайдалану үшін арнайы жасалған шамдар.

8. Cool Blue Boost галогені – жалпыға ортақ пайдалану жолдарынан тыс жерде қолдануға арналған, жоғары контрастты жақсартылған шамдар.

7. Галоген Ultra Life – ұзақ қызмет ететін шамдар – стандартты шамдарға қарағанда 4 жылға дейін қызмет етеді.

6. AllSeason галогені – әртүрлі жағдайларда пайдалануға келетін және ауа-райы нашар кезде керемет жарықтандыруды қамтамасыз ететін әмбебап шамдар.

5. Night Breaker Laser галогені – жарықтың жоғары қарқынын беретін нарық жаңалығы – белгіленген төменгі стандартпен салыстырғандағы 200% артық жарық.

4. Галоген super – стандартты шамдармен салыстырғанда жарық түсу аймағын 10 метрге артық жарықтандыратын, ұзақ қызмет ететін сенімді шамдар.

3. Night Breaker Silver галогені – жарықтығы мен түсті жеткізу қабілеті жақсартылған шамдар – жарық пен қызмет ету мерзімі арасындағы оңтайлы теңгерім.

2. Cool Blue intense галогені – жарықдиодты жарықтандыру әсерін беретін, ашық ақ салқын жарығы бар керемет шамдар.
Osram мамандарының талдауы бойынша бүгінгі таңда ең танымал өнім – Original галогені. Бұл шамдар зор сұранысқа ие, өйткені зауыттар осы модельге сене отырып, оны жаңа көліктерге орнатады. Автокөлік иелері ірі автомобиль корпорацияларының сенім дәрежесін бағалай отырып, олардан қалыспайды.

Жоғарыда аталған танымал шам түрлерінен басқа, компания Орталық Азия елдерінің автокөлік иелеріне арналған, жергілікті нарықта да сұранысқа ие болған өнімдердің жаңа желісін әзірлеп, ұсынып отыр. Бүгінгі таңда қазақстандықтарға осы желінің барлық өнімі қолжетімді:

OSRAM CLASSIC 12В/24В – 12В және 24В кернеуі бар классикалық сапа мен сенімділік. Бұл шамдар әртүрлі жағдайларда жолда қауіпсіз жүру үшін жарқын жарықтандыруды қамтамасыз етеді.
NIGHT HYPER – Night Hyper шамдар сериясы жақсарған жарық пен жарық сәулесінің алысқа түсу мүмкіндігін ұсынады, бұл жүргізушілерге түнде әрі жол нашар көрінген сәтте жақсы көрінуді қамтамасыз етеді.
XWHITE BLUE – бұл шамдар жарқын әрі ақ жарық түсіреді, бұл көлікке заманауи және стильді көрініс бере отырып, көлік жүргізу кезіндегі жақсы көріну мен жайлылықты жақсартады.
FOG BREAKER – тұманмен күресу үшін арнайы әзірленген және тұман мен түтін болған кезде жолдың көрінуін жақсартатын жарқын, ақ жарық түсіретін шамдар.

OSRAM жоғары сапаны, заманауи дизайнды және озық технологияны үйлестіре отырып, инновациялық автомобиль шамдарын өндіру ісінде көшбасшы болып қала береді.

Қазақстандағы басқа да автобизнес жаңалықтары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *