Горячие новости

Changan Қазақстанға келуде

22 августа 2022

Changan Қазақстанға келуде

Changan Қазақстанға келуде «Астана Моторс» брендттің ресми өкілі болды

«Астана Моторс» құрамына кіретін Silkway Auto Kazakhstan компаниясы Changan (ҚХР) автомобиль брендін Қазақстанда ресми түрде сату құқығына ие болды. Silkway Auto Kazakhstan мен Changan International Corporation арасындағы дистрибьюторлық келісімге қол қойылды.

Changan – Қытайдың автомобиль шығаратын ең ірі концерндерінің бірі. China Association of Automobile Manufacturers (CAAM) деректері бойынша Changan International Corporation компаниялар тобының сатылымдары Қытай автобрендтері арасында әлемде бірінші орын алады. Бүгінде бұл әлемдік автоөнеркәсіптің технологиялық көшбасшыларының бірі: зерттеулер мен дамуға салған компания инвестицияларының көлемі соңғы 16 жыл бойы концерннің әлемдік кірісінің 5% — дан астамын құрайды.

Әлемнің 6 еліндегі компанияның 9 бейінді ғылыми-зерттеу және дизайнерлік орталықтары бірлесіп әлемнің 70-тен астам еліндегі тұтынушылар үшін автомобильдер жасайды. Changan зауыттары өндірістің жоғары әлемдік стандарттарына сай.

Компания әлемнің жетекші жоғары технологиялық компанияларымен бірлесе бірнеше жұмыс альянстарын құрды. Changan International Corporation 2025 жылға қарай электромобильдердің үлесі 35% құрайтын, жылына 3 млн автомобиль сатуды жоспарлап отыр. 2030 жылға қарай электромобильдердің 60% үлесімен жылына 4,5 млн дана көлік сатуды көздеуде.

«Біз тұтынушылардың «Астана Моторс» портфелінде ұсынылған брендтерге деген қызығушылығының артқанын көріп отырмыз және отандық нарыққа жоғары сапалы жаңа автомобильдерді жеткізу үшін бизнес-көкжиектерді кеңейтудеміз. Changan International Corporation — ғасырлық тарихы және елеулі сату ауқымы бар автоөндіруші, бұл бүкіл әлем бойынша 20 миллионнан астам автомобиль сатқан алғашқы қытайлық компания. Брендтің халықаралық мойындалуы Changan қазақстандық нарықта өзінің табысты тарихын жалғастыратынына сенімділік береді», — дейді «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаев

«Астана Моторс» Қазақстанның автомобиль нарығының көшбасшысы репутациясына ие. Компанияның әлемдік автомобиль брендтерімен табысты ынтымақтастығының отыз жылдық тарихы команданың бай тәжірибесі мен жоғары кәсіпқойлығын куәландырады. Біздің бірлескен күш – жігеріміз Қазақстанның сатып алушыларына Changan автомобильдері мен сервистерінің брендтің әлемдік стандаттарға сай жоғары деңгейін толық көлемде бағалауға мүмкіндік беретініне сенімдімін», — деп атап өтті Changan International Corporation бас директоры Макс Сонг.

Changan дилерлік желісінде сатуға арналған автомобильдер ағымдағы жылдың қыркүйегінде, Алматыдағы Mycar Kuldzhinka жаңа автоорталығында брендтің жаңа стандарттары бойынша салынған Changan дилерлік орталығы өз есігін ашқан кезде Қытайдағы зауыттардан тікелей жеткізіле бастайды. Mycar Kuldzhinka мекен-жайы-Құлжа трактісі, 108/10.

Дистрибьютор ағымдағы жылдың соңына дейін өз желісін Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларындағы дилерлермен кеңейтуді жоспарлап отыр. 2023 жылдың соңына қарай Ақтөбе, Ақтау,Тараз, Қызылорда, Петропавл, Көкшетау, Семей және Талдықорған қалаларында тағы сегіз дилерлік орталықтар ашылады.