
Қазақстанда өндірілетін Haval Jolion кроссовері ерекше Sapphire түсіне ие болды
Аталған қою көк түсті Great Wall Motor компаниясы арнайы Қазақстан нарығы үшін әзірлеген. Модель Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында өндіріледі. Ал брендің ел ішіндегі дистрибьюторы — Astana Motors құрамындағы Haval Motor Kazakhstan компаниясы.
Sapphire – жаңбырдан кейінгі көк майса қазақ даласының өңі, Іле Алатауының зеңгір аспаны және осы түске өз атын берген асыл тастың жарқыл түсі. Бұл түсті бір сөзбен сипаттау мүмкін емес, оны көру керек
«Қазақстандық сатып алушылар көлікті тек оның сипаттамаларына қарап таңдауды әлдеқашан тоқтатқан. Оған ең бастысы көліктің аулада, кеңсе тұрағында немесе тау жолында жүргенде оның қалай көрінетіні маңызды. Сондықтан біз GWM нарығында жоқ түсті жасадық. Sapphire көліктің басқа ешкімдікі емес, тек қана сіздікі екенін сезіндіреді», — дейді Haval Motor Kazakhstan бас директоры Эдуард Кузнецов
Haval Jolion — брендтің Қазақстандағы ең танымал моделі және өз сегментіндегі ең көп сұранысқа ие кроссоверлердің бірі. Сатып алушылар оны заманауи дизайны, кең интерьері және қалаға бейімделгені үшін таңдайды. Сондықтан бұл модель алғашқы болып жаңа эксклюзивті түске ие болып, Қазақстандағы кең аудиторияға арналып жасалған.
Қазақстанда Jolion төрт комплектация деңгейінде қолжетімді: Elite, Premium, Tech Plus 2WD және Tech Plus 4WD. Олардың барлығы 1,5 литрлік турбоқозғалтқышпен және 7 сатылы DCT робот беріліс қорабымен жабдықталған. Көліктің 4472 x 1841 x 1574 мм өлшемі оны қалалық тұраққа ыңғайлы етеді. Жаңа нұсқада сымсыз Apple CarPlay және Android Auto, 50Вт сымсыз қуаттағыш, қазақ тілінде офлайн дауыспен басқару, қозғалтқышты қашықтан іске қосу және екі қатар үшін қосымша USB Type-A, Type-C порттары пайда болды.
Haval — Great Wall Motor компаниясының негізгі брендтерінің бірі. 2025 жылы бренд Қазақстан нарығында бес жылдығын атап өтті және сатылым бойынша алтыншы орынға ие болды (11 688 көлік, 2024 жылға қарағанда 6,4% өсім). Ел ішінде дилерлік желі 18 қалада 27 орталықтан тұрады.



Abiznews Новости автомобильного бизнеса и авторемонта в России и Казахстане
