ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВТОКӨЛІК ОДАҒЫ

31 августа 2023

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВТОКӨЛІК ОДАҒЫ

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВТОКӨЛІК ОДАҒЫ» КӨЛІК НАРЫҒЫНЫҢ КӨШБАСШЫ ОЙЫНШЫЛАРЫН БІРІКТІРДІ

«Қазақстанның Автокөлік Одағы»– «Казахстанский Автомобильный Союз» (ҚАО) – салалық ұйымдарды біріктіретін әрі олардың мүдделеріне өкілдік ететін коммерциялық емес құрылым. Астана қаласында 2023 жылғы 21 шілдеде құрылды.

ҚАО құрамына Автокөлік өндірушілер қауымдастығы; Автокомпонент өндірушілер қауымдастығы, Қоғамдық көлік қауымдастығы, Импорттаушылар қауымдастығы, Дилерлер қауымдастығы; Жүрілген автокөліктерді өткізу жөніндегі қауымдастық; Автосарапшылар мен аудиторлар қауымдастығы (автокөлік құрастыру өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.

ҚАО мақсаттары мен міндеттері: қазақстандық автокөлікті клиенттер үшін анағұрлым арзан әрі қолжетімді ету; автокөлік саласын дамыту, сондай-ақ шағын және орта бизнестің күшімен автокомпоненттер өндірісін автоөнеркәсіпке кіріктіру үшін өнеркәсіптік кооперация құру; Қазақстанды индустриялық ету — жаңа жұмыс орындарын құру, «көк жағалы» жұмысшылар табын күшейту, серіктестермен, реттеуші органдармен және шектес құрылымдармен бірлесіп әрекет ету; өндірушілер, бизнес және қоғам арасындағы байланысты жақсарту; қоғамға автокөлік нарығының жаңалықтары мен беталыстары туралы ақпарат беру.

Анар Мақашева, ҚАО президенті:
«Қазақстанның автокөлік нарығы салыстырмалы түрде жақында қалыптасып, түрлі жылдардың дағдарыстарынан өтті. Бүгінгі таңда біз ресурстар мен тәжірибені біріктіре отырып, саланы, елдің экспорттық әлеуетін дамыту, жергіліктендіруді тереңдету, компоненттік базаны дамыту, автоөндірушілер мен бизнестің мүдделерін қорғау миссиясын өзімізге алып отырмыз. Отандық көлік өнеркәсібі қазірдің өзінде өндірушілердің шанақты дәнекерлеу мен бояуда күрделі жұмыстарды жасай алатын деңгейге жетті. Және Қазақстанда шағын, орта бизнестің дамуына әрі машина жасау саласында білікті кадрлар жүйесінің қалыптасуына жағдай жасайтын автокомпоненттер өндірісін жөнге салу үшін жеткілікті құзыретке ие болатындай деңгейге жетіп қойды»

Бүгінгі таңда Қазақстанның автокөлік нарығы — экономиканың ең серпінді дамып келе жатқан секторларының бірі. Саланың ілгері басуында жергілікті өндіріс айтарлықтай рөл атқарады. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ҚР ИИДМ) мәліметтері бойынша автокөлік жасау 38,6 % үлесімен елдегі жетекші машина жасау салаларының бірі болып саналады. Өткен жылы республикада барлығы 123,8 мың автокөлік сатылса, олардың 77 %-ын немесе 94,7 мың көлікті отандық кәсіпорындар шығарды.

ҚАО қазақстандық болашақ және жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың ресурстарын біріктіре отырып, отандық автоөнеркәсіпті дамыту арқылы Қазақстанды индустрияландыруды да басым міндеттер қатарына қояды. ҚАО бизнесті масштабтау, өнеркәсіптік кооперация, кластерлік экономиканы дамыту, ШОБ-қа тапсырыстарды қамтамасыз ете алатын автокөлік зауыттарының айналасында автокомпоненттерді өндіретін шағын және орта кәсіпорындардың қатысуымен технопарктерді қалыптастыру арқылы саланы дамыту стратегиясын ұстанады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *