Горячие новости

OSRAM-ның жаңа инспекциялық шамдары

26 июля 2024

OSRAM-ның жаңа инспекциялық шамдары

Қазақстандықтарға OSRAM-ның жаңа инспекциялық шамдары қолжетімді

OSRAM-ның жаңа инспекциялық шамдары: Әлемдік нарыққа сымсыз жаңа он бес модель шығарылды, олар енді қазақстандықтарға да қолжетімді. Жаңа желіде өндірушіден екі жылдық кепілдік берілетін, жаңа портпен жабдықталған және сымсыз қуаттау мүмкіндігі бар модельдер пайда болды.

«LEDinspect инспекциялық шамдары – автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, диагностика және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі ажырамас құрал. Osram жарығы көлікке техникалық қызмет көрсету кезінде жұмыс аймағын жарықтандыруға көмектеседі және жұмыс процесін барынша ыңғайлы етеді. Біз қазірдің өзінде күнделікті жұмысында жарықтандыру құрылғыларын пайдаланып жүрген техникалық қызмет көрсету станциясы (ТҚС) қызметкерлерінен жағымды пікірлер алып отырмыз», – дейді Osram компаниясының қазақстандық кеңсесінің маманы Артем Нуриахметов

Шамдар дизайны түпкілікті ойластырылған, судан, ластанудан және шаңнан қорғайтын берік корпусы да бар. Жаңа желінің барлық моделінде ілгектер, магниттер және айналмалы механизмдер бар – барлығы жөндеу кезінде қолды бос ұстау үшін жасалған. OSRAM инспекциялық шамдар желісінің бұл жаңартуы кәсіпқойларға өз жұмысын тиімді орындау үшін барлық қажетті құралды ұсынады.

AMS Osram тобы оптикалық шешімдерді ұсынушы әлемдік көшбасшы. Жарыққа интеллект пен инновацияға деген құштарлықты қосу арқылы біз әр адамның өмірін байыта түсеміз.

110 жылдан астам тарихы бар топ бола тұра, біз өз қызметіміздің негізін қиял призмасы, терең инженерлік білім, сондай-ақ датчиктер технологиясы мен жарық турасындағы шешімдерде жаһандық өнеркәсіп әлеуетін қамтамасыз ету қабілеті арқылы анықтаймыз. Біз бөлшек сауда, автомобиль өнеркәсібі, денсаулық сақтау және өнеркәсіптегі тұтынушыларымызға бәсекелестік артықшылықты сақтауға мүмкіндік беретін әсерлі инновацияларды жасаймыз. Біз қоршаған ортаға тиетін кері әсерді азайта отырып, денсаулық, қауіпсіздік және жайлылық тұрғысынан өмір сапасын айтарлықтай жақсартатын инновациялық шешімдерді енгіземіз.

Дүние жүзіндегі шамамен 26 000 қызметкеріміз саяхатты қауіпсіз, медициналық диагнозды дәлірек, ал визуалды коммуникацияны көзге көрінерлік және тиімді ететін жаңа шешімдерді үнемі іздейді. Біздің жұмысымыз 15 000-нан астам берілген және пайдаланылған патенттерде көрініс тапқан, революциялық қолданбаларда қолданылатын технологияларды құру және дамыту. Бас кеңсесі Прентштеттенде / Грацта (Аустрия) орналасқан және Мюнхенде (Германия) филиалы бар тобымыздың табысы 2020 жылы 5 миллиард доллардан асты.

Қазақстанның автомобиль жарығындағы ең танымал 10 өнім

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *