Жаңа маусымға жазда қамдан: жол қауіпсіздігі мен шамдарды жаңарту
Жаңа маусымға жазда қамдан: жаңа маусым жақындаған сайын көлікке тұрақты техникалық қызмет көрсетуге ғана емес, сонымен қатар оның сыртқы өзгеріс әсерлерінен әзірлігіне көз жеткізген маңызды. Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, 2024 жылдың басынан бері елімізде алты мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алған. Статистикаға сенсек, елде апат жиі болатын айлар – тамыз, қыркүйек және қазан.
Күз бен қыстың түсуі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жарықтандыруға ерекше назар аудару қажеттігін білдіреді. Қысқы уақытқа ауысу – өз көлігіңіздің жай-күйін тексерудің таптырмас сылтау. Шамдарды үнемі жаңартып отыру арқылы оларды мінсіз күйде ұстау — жол нашар көрінген жағдайдағы қауіпсіздігіңіздің кілті.
Күзгі ауа-райы жақындаған кезде автокөлік иелеріне жолдағы қауіпті барынша азайтуға мүмкіндік беретін үш қарапайым әрекетті ұсынамыз:
1. Маңызды деген барлық құрал-сайманды тексеріп, көлікті қысқа дайындаңыз. Сұйықтық деңгейін, шиналардың күйін, әлбетте, жарықтандыруды тексеріңіз.
2. Көлік жарықтандыруын жаңартуды ұмытпаңыз. Бүкіл әлемде сарапшылар автомобильдің біршама бөлшегін бір мезетте ауыстыруды ұсынады. Мысалы, тежегіштер, амортизаторлар, шыны тазалағыштар және, әрине, фара шамдары – мұндай бөлшектердің тозығы бірдей жетеді. Жарығы әр түрлі фаралармен жүру – қауіпсіз емес. Сонымен қатар екі есе шығын – себебі бір шамды жаңартқан соң, біраз уақыттан кейін жанып кеткен екінші шамды ауыстыруға, сәйкесінше ТҚС қайта баруға тура келеді, шығын да еселенеді. Шамдардың жаңа жұбы ауа-райы құбылғанда жол-көлік оқиғаларын алдын алып, уақыт пен бюджетті үнемдейді.
3. Шамдарыңыз қыс мезгіліне де дайын екеніне көз жеткізіңіз. Бұрынғыларын жарық әрі әлдеқайда тиімді шамдарға ауыстыру – жол көрінуін айтарлықтай жақсартып, қауіпсіздікті күшейтеді. Мысалы, NIGHT breaker® шамы жарық сәулесін 220% дейін ұлғайтып, жарық түсу жолын ұзартады, бұл әсіресе қараңғы уақытта және қолайсыз ауа-райы кезінде маңызды.